2026 жылғы 6 қарашада Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич бастаған делегация «Қорғас» ШЫХО орталығына жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамында Еуропалық Одақтың Қырғыз Республикасындағы Елшісі Реми Дюфло болды.
Қонақтарды басқарушы компанияның Басқарма төрағасы Нұржан Сұлтаналиев қабылдап, Орталықтың қызметі мен инфрақұрылымын, арнайы экономикалық аймақтың инвестициялық мүмкіндіктері және инвесторларға арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы таныстырды. Сондай-ақ сауда-логистикалық және туристік әлеуеті сөз болды.
Кездесуде халықаралық ынтымақтастықты дамыту және шетелдік серіктестермен байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.



