Еуразияның сауда жолдары тоғысындағы Қазақстан мен ҚХР бірлескен жобасы.
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы — екі мемлекеттің шектес шекара маңындағы аумақтарында орналасқан қазақстандық және қытайлық бөліктерден тұратын сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, сондай-ақ туризмді дамыту кешені.
Жоба «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты және «Бір белдеу — бір жол» бастамасы аясында жүзеге асырылуда және Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы негіздемелік келісімнен бастау алады.
«Қорғас» ШЫХО» АҚ құрылды, қазақстандық бөліктің инфрақұрылым құрылысы басталды.
Қазақстандық бөлік преференциялардың толық пакетімен арнайы экономикалық аймақ мәртебесін алды.
Компания арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы мәртебесін алды.
Инвестициялық жобаларды алдын ала қарау жөніндегі комиссия жұмысын бастады.
инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақтың гектары
шекара маңы аумағының шаршы шақырымы
шектес аумақтың шаршы шақырымы