МЖӘ жобаларын іске асыруға кешенді көзқарасты қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган
АЭА аумағында іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша техникалық, қаржылық және заңдық шешімдерді қалыптастыруға кешенді көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында Ереже әзірленіп, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын басқару жөніндегі Жоба тобы құрылды.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын басқару жөніндегі Жоба тобы туралы ереже Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының» 10-тармағына сәйкес әзірленді.
Жоба тобы Басқарушы компанияның тұрақты жұмыс істейтін, алқалы, консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру кезінде Басқарушы компанияның кәсіпкерлік субъектісімен өзара іс-қимылын сипаттау мақсатында «бір терезе» қағидаты бойынша Инвестициялық жобаларды және МЖӘ жобаларын сүйемелдеу регламенті әзірленді.
«Бір терезе» қағидаты кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық, консультациялық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету жөніндегі іс-шаралар кешенін қолдана отырып, МЖӘ жобаларын сүйемелдеу мүмкіндігін көздейді.
Регламент Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, ҚР «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1185 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес әзірленді.
Отырыстар қажеттілігіне қарай бетпе-бет форматта өткізіледі. Құрамға сондай-ақ қарастырылатын жобалардың бейіндері бойынша топтың шақырылған мүшелері кіреді.