1. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік осы Заңның ережелеріне сәйкес іске асырылады және арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың инфрақұрылым объектілерін құруға және пайдалануға, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің өзге де объектілерін құруға және пайдалануға бағытталған.
2. Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтағы инфрақұрылым объектілері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде мемлекеттік әріптес ретінде жеке индустриялық аймақтың инфрақұрылым объектілерін қоспағанда, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы әрекет етеді.
Бұл ретте арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына қатысу туралы өз шешімін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен және акцияларының бақылау пакетін иеленетін органмен келіседі.
3. Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы конкурс ұйымдастырушысы болып табылады.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу жекеше әріптестің арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың аумағында арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың инфрақұрылым объектілерін құру және пайдалану жөніндегі қызметін жүзеге асыруына негіз болып табылады.