2026 жылғы 16 қазанда «Қорғас» ШЫХО аумағында Басқарушы компаниясының сүйемелдеуімен «Шығыс – Батыс: шексіз бизнес» тақырыбындағы III Еуразиялық қаржы-экономикалық форум өтті.
Әлемнің 20-дан астам елінен 500-ден астам қатысушы бас қосып, халықаралық сауда, инвестиция және көлік-логистика салаларын дамыту мәселелерін талқылады.
Форумда «Қорғас» инфрақұрылымын дамыту, транзиттік әлеуетті арттыру және Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері қарастырылды.



