Басқарма Төрағасы (2025 жылдың қаңтарынан бастап)
«Қорғас» ШЫХО» АЭА басқарушы компаниясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, арнайы экономикалық аймақты дамытудың стратегиялық мақсаттарын іске асыруды, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының жоғары мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
1983 жылы 25 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Жоғары экономикалық және қаржылық білімі бар (КИМЭП Университеті, «Тұран-Астана» Университеті).
Нұржан Сұлтаналиевтің басқарушылық жолы ірі мемлекеттік құрылымдармен, квазимемлекеттік сектормен және бірлескен халықаралық кәсіпорындармен тығыз байланысты. Энергетика, магистральдық құбыр көлігі, химия өнеркәсібі және арнайы экономикалық аймақтарды басқару салаларында көпжылдық тәжірибесі бар.