Басқарма Төрағасының инвестициялар мен жобаларды дамыту жөніндегі орынбасары (2024 жылдың қарашасынан бастап)
«Қорғас» ШЫХО» АЭА БК» АҚ инвестицияларды тарту, инвестициялық жобаларды дамыту, маркетинг және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне, сондай-ақ инвесторлармен, шетелдік серіктестермен және бизнес өкілдерімен өзара іс-қимылға жетекшілік етеді.
Дамир Қадырдың инвестициялар, бизнесті дамыту, сату, халықаралық банктік іс, FMCG, электрондық коммерция және B2B салаларында көпжылдық басқарушылық әрі кәсіпкерлік тәжірибесі бар.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Бизнес-процестерді автоматтандыру» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен бітірген. 2010 жылы University of Bath (Улыбритания) университетінде Business Administration, Management and Operations бағыты бойынша білім алған.
Кәсіби тәжірибесі халықаралық банктерде және ірі халықаралық компанияларда жұмысты, негізгі клиенттерді және коммерциялық бағыттарды басқаруды, жеке бизнесті дамытуды, сондай-ақ ірі жобалар мен командаларға жетекшілік етуді қамтиды.