История
  • 2005 ж. – «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ құрылуы.
Компания құрылуының мақсаты – халықаралық жобаны жүзеге асыру болды. Осы кезеңде компания инфрақұрылым мен инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын жүргізді, одан кейін «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының басқарушы органы болып бекітілді және Орталықтың қазақстан бөлігінің мүдделерін қорғаумен айналысып келді.
  • 2017 жыл – Орталыққа «арнайы экономикалық аймақ» мәртебесі берілді.
  • 2019 ж. – «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы мәртебесін алды. Бұл өз кезегінде компанияның «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы арнай экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ болып өзгеруіне себеп болды.
  • 2020 жыл – алға қойылған мақсаттарға жету үшін қазіргі заманның талаптарына сәйкес компанияның қайта құрылуы.
Функции
  • Арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына және қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға жер учаскелерін қайталама жер пайдалануға немесе пайдалануға (қосалқы жалға) беру және инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру;
  • Қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасасу және бұзу;
  • Арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларды тарту;
  • Инфрақұрылым объектілерін салу үшін және арнаулы экономикалық аймақтар қызметінің өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту;
  • Қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын орындау мониторингі;
  • Арнайы экономикалық аймақты дамыту жоспарын әзірлеу;
  • Арнайы экономикалық аймақтың маркетингтік стратегиясын әзірлеу;
  • Арнайы экономикалық аймақта жаңа өндірістер құру бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізу;
  • Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және ілгерілету жөніндегі іс-шараларды өткізу;
  • Арнайы экономикалық аймақта индустриялық-инновациялық және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тарту;
  • "Бір терезе"қағидаты бойынша арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларымен, өтініш берушілермен, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларымен өзара іс-қимыл және жұмыс;
  • Коммуналдық, логистикалық және сервистік қызметтерді ұсыну.
  • Мемлекеттік әріптес және арнайы экономикалық аймақ аумағында МЖӘ жобаларын іске асыру кезінде жеке әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты немесе тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы
Republic of Kazakhstan, Jetysu Region, Panfilov District, Penzhim rural district, Korgas village, building 14
Барлық құқықтар қорғалған
Made on
Tilda