This post is also available in:
EN RU 中文
Біз туралы
2005 ж. – «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ құрылуы.
Компания құрылуының мақсаты – халықаралық жобаны жүзеге асыру болды. Осы кезеңде компания инфрақұрылым мен инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын жүргізді, одан кейін «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының басқарушы органы болып бекітілді және Орталықтың қазақстан бөлігінің мүдделерін қорғаумен айналысып келді.
2017 жыл – Орталыққа «арнайы экономикалық аймақ» мәртебесі берілді.
2019 ж. – «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы мәртебесін алды. Бұл өз кезегінде компанияның «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы арнай экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ болып өзгеруіне себеп болды.
2020 жыл – алға қойылған мақсаттарға жету үшін қазіргі заманның талаптарына сәйкес компанияның қайта құрылуы.
- Арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
- Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына және қосалқы қызметтi жүзеге асыратын адамдарға жер учаскелерiн екiншi рет пайдалану немесе пайдалану (қосалқы жалдау) және инфрақұрылым объектiлерiн жалға (қосалқы жалдау) беру;
- Қызметті жүзеге асыру бойынша келісімдер жасасу және тоқтату;
- Арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларды тарту;
- Арнайы экономикалық аймаққа инфрақұрылым салу және өзге де қызметтер жасау үшін инвестициялар тарту;
- Қызметті жүзеге асыру туралы келісім-шарттар талаптарының орындалуын бақылау;
- Арнайы экономикалық аймақты дамыту жоспарын әзірлеу;
- Арнайы экономикалық аймақтың маркетинг стратегиясын әзірлеу;
- Арнайы экономикалық аймақта жаңа өндірістер құру жөнінде маркетингтік зерттеулер жүргізу;
- Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және алға қарай ілгерілеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
- Арнайы экономикалық аймақта индустриялды-инновациялық және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тарту;
- «Бір терезе» қағидаты бойынша арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларымен, өтініш берушілерімен, арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларымен өзара іс-қимыл және жұмыс жасау;
- Коммуналдық, қызметтік және логистикалық қызметтер ұсыну.
Қазіргі уақытта бос орындар жоқ