2022 жылдың 17 ақпанында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Алматы облысының Әкімі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен Алматы облысы Панфилов ауданына жұмыс сапарымен келді.

This post is also available in: EN RU

2022 жылдың 17 ақпанында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов  Алматы облысының Әкімі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен Алматы облысы Панфилов ауданына жұмыс сапарымен келді.

Делегация сапар аясында Қазақстан-Қытай шекарасында ораналасқан «Нұр жолы» өткізу бекетінде, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да және «Қорғас» ШЫХО» АЭА-да болды. «Қорғас» ШЫХО» АЭА БК» АҚ Басқарма Төрағасының м. а Жайлаубай Ерлан «Қорғас» ШЫХО мемлекетаралық жобасымен және АЭА іс-әрекетімен, атап айтқанда, оның сауда-экономикалық және инвестициялық дамуы жөніндегі жұмыстарымен таныстырды. Делегаттар арнайы экономикалық аймақтың инвестициялық жобаларын аралау барысында контейнерлік транзиттік жүктерді «Қорғас» ШЫХО-ның қытайлық бөлігінен «Қорғас» ШЫХО-ның қазақстандық бөлігіне тиеп-түсіру логистикалық жобасымен танысты.

Сондай-ақ, жұмыс кеңесі барысында трансшекаралық хабтарды дамыту тұжырымдамасы, оның ішінде Қорғас торабын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Меню