«Қорғас «ШЫХО» АЭА және «Қытай-ШЫҰ» Өңірлік сауда – экономикалық ынтымақтастық пилоттық аймағының инвестициялық мүмкіндіктері» тақырыбындағы семинардың қорытындысы бойынша баспасөз хабарламасы

This post is also available in: EN RU

2021 жылғы 23 қыркүйекте «Қорғас «ШЫХО» АЭА БК» АҚ «Қытай-ШЫҰ» Өңірлік сауда – экономикалық ынтымақтастық пилоттық аймағының басқарушы компаниясымен бірлесіп Қазақстан мен Қытайдың бизнес қауымдастықтары үшін онлайн-семинар ұйымдастырды.

Семинарға 15 қазақстандық компания және 20 – дан астам қытай компаниялары қатысты, сондай – ақ спикерлер ретінде: ҚХР-ның ҚР-дағы халықаралық саудасын ілгерілету жөніндегі Қытай кеңесінің Бас өкілі-Гао Ци мырза, ҚХР-ның ШҰАА провинциясындағы халықаралық саудасын ілгерілету жөніндегі Қытай кеңесі Басқармасы Төрағасының орынбасары-Сюй Епин мырза қатысты.

Онлайн-семинар шеңберінде «Қоғас «ШЫХО» АЭА және «Қытай-ШЫҰ» Өңірлік сауда – экономикалық ынтымақтастық пилоттық аймағының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар, «Meat ProcessingandService» ЖШС және «QZSilkRoadLogistic» ЖШС қазақстандық компаниялары өздерінің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.

Қытай тарапы сүт, ет және АӨК өнімдері сияқты Қазақстандық азық-түлік өнімдерінің импортына қызығушылық танытты.

Онлайн-семинар шеңберінде «Қорғас» ШЫХО» АЭА БК» АҚ мен «Қытай-ШЫҰ» Өңірлік сауда – экономикалық ынтымақтастығының пилоттық аймағы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында екі тарап бірлескен инвестициялық жобалар, экспорт пен импортты дамыту саласындағы ынтымақтастықты дамытуды, сондай-ақ Қазақстандық және қытайлық кәсіпорындар үшін бірлескен іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Меню