This post is also available in: EN RU
«Қорғас» ШЫХО ұжымын компанияның құрылған күнімен құттықтаймыз және алға қойған мақсаттарыңызға жетуге сәттілік тілейміз!
«Қорғас» ШЫХО құру туралы бастаманы Қазақстан Республикасы мен Қытай мемлекет басшылары 2002 жылы көтерді.
2004 жылдың 24 қыркүйегінде Құлжа қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын құру туралы негіздемелік келісім жасалды.
Ал 2005 жылдың 4 шілдесінде Астанада Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» ШЫХО қызметін реттеу туралы келісімге қол қойылды.
13 қыркүйекте осы халықаралық жобаны жүзеге асырудың операторы болып табылатын «Қорғас» ШЫХО» АҚ компаниясы құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылдың 6 қазанындағы қаулысына сәйкес «Қорғас» ШЫХО» арнайы экономикалық аймағы құрылды, оның құрамына ШЫХО-ның қазақстандық бөлігінің аумағы кірді. Ал 2019 жылдың 29 мамырында «Қорғас» ШЫХО» АЭА басшылығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Қорғас» ШЫХО» АҚ анықталды.