Орталықтың ресми ашылу күні қытайлық «Чун Цзе» мерекесін (көктем мерекесі), сондай-ақ «Наурыз» мерекесін ескере отырып, қосымша жарияланады.

This post is also available in: RU

Қайырлы күн, қымбатты достар!

 

Бұрын хабарлағанымыздай, 2022 жылғы 28 желтоқсанда ҚХР СУАР «Қорғас» АЭА Әкімшілік комитеті мен Басқарушы компания арасында жұмыс кеңесі өтті, оның барысында ҚХР СУАР «Қорғас» АЭА басшысы Сюй Синьминь ҚХР-да карантиндік шаралардың алынып тасталғаны және туристер үшін шекаралардың ашылғаны туралы хабарлады, сондай-ақ «Қорғас» ШЫХО жұмысын 2023 жылғы 8 қаңтардан бастап штаттық режимде қайта бастау туралы ниетін білдірді.Қысқа мерзімдерді ескере отырып, Басқарушы компания техникалық сәттерді және ҚР мемлекеттік органдарымен келісу процестерін шешу үшін дайындық жұмыстарын белсенді бастады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, 2023 жылғы 8 қаңтарға қарай Орталықтың қазақстандық бөлігінің қызметін қайта бастау мүмкін болмайтынын хабарлаймыз.

Басқарушы компания орталықтың қызметін қысқа мерзімде қайта бастау мақсатында бар күшін салады.

Орталықтың ресми ашылу күні қытайлық «Чун Цзе» мерекесін (көктем мерекесі), сондай-ақ «Наурыз» мерекесін ескере отырып, қосымша жарияланады.

Меню