Басқарушы компанияның ағымдағы жағдайы және өткен жылдың қорытындылары туралы

This post is also available in: RU

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы » Арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы» Акционерлің қоғамы барлыңызды келген Жаңа 2021 жылмен құттықтайды, сондай-ақ бейбітшілік, амандық және бақыт тілейді!

Өткен жылы қайта ойластыру және қайта ретке келтіру кезеңінде біз 2020-2022 жылдарға арналған даму стратегиясын әзірледік және әлсіз бен күшті жақтарға ситуациялық талдау жүргіздік.

Өткен жылдың маңызды жаңалықтарының бірі:

  • Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру кезінде басқарушы компанияға мемлекеттік әріптес мәртебесі мен функцияларын берілуі
  • Акциялар пакетін коммуналдық меншіктен республикалық меншікке берілуі
  • «Астана» халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастық

2020 жылы басқарушы компания және «Астана» халықаралық қаржы орталығы ынтымақтаса бастады. Салынған инвестициялар мен жобаларды қаржыландыруды қорғауға бағытталған алғашқы қадам Жобаның аумағында Қаржы орталығының өкілін айқындау болып табылады. Сондай-ақ,  Жоба аумағында Қаржы орталығының юрисдикциясын имплементациялау мүмкіндігі зерттелуде.

  • Шағын және орта бизнес үшін қолжетімділік

1) Шағын бизнес үшін сауда және қызмет көрсету саласында стационарлық емес объектілердің 15 жобасы көзделген. Осы мақсаттар үшін алдын-ала жасалған жобалар, тәртіп пен Ереже әзірленді. Осы жобаларды іске асыру үшін кәсіпкерлер ашық конкурстық негізде іріктелетін болады

P.S. «Қорғас» ШЫХО » АЭА жеке кәсіпкерлер қатыса алатын Қазақстандағы жалғыз арнайы экономикалық аймақ болып табылады.

2) Орта бизнес үшін азық-түлік корттары мен жатақханалар сияқты ірі жобалар қарастырылған. Орта бизнес жобаларын іске асыру үшін жергілікті тұрғындар арасынан кәсіпкерлер тартылатын болады.

2020 жылдағы басқа маңызды жұмыстардың бөлігі төменде келтірілген:

  • Жер телімдерін ревизиясы;
  • Коммерциялық шарттарды олардың заңдылығы мен болашағы тұрғысынан ревизиясы;
  • Арнайы экономикалық аймақтардың және Жоба қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық базасын талдау;
  • Сандық инфрақұрылымының техникалық аудиті;
  • Жолаушылар терминалын жөндеу (А және Б корпусы);
  • Аумақты уақытша құрылыстардан тазарту;
  • Электрондық құжат айналымын енгізу;
  • www.khorgos.kz корпоративтік сайтын қайта жобалау;
  • 10 Негізгі жобалар пулын анықтау;

Сауда қызметі мен туристік ағымның тоқтатылуы аясында Басқарушы компания шығынға ұшырап жатыр. Нақтырақ айтсақ, 2020 жылы Компания шамамен 3 млрд. теңге көлемінде табысын жоғалтты, сондай-ақ біз қаржылық проблемалар мен карантин режиміне байланысты мәжбүрлі тоқтап қалуға тап болдық. Қаржылық мәселе бейінді емес активтерді іске асырудың арқасында ішінара шешілді, сондай-ақ біз кредиттік желі аштық. Бұл шаралардың барлығы, бірінші кезекте, инфрақұрылым нысандарын сақтау және қызметкерлерді жалақымен қамтамасыз ету үшін қабылданды.

Бүгінгі таңда сауда айналымы мен орталыққа келушілердің қозғалысын жүзеге асыратын Жобаның екі бөлігі арасындағы арнайы өткел жабық күйінде қалып отыр. Екі жақта да сауда да, келушілер де жоқ. Арнайы өткелдің және Жобаның екі бөлігінің ашылуы ҚР мен ҚХР-дағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты.

Меню