2023 жылғы 18 қаңтарда сауда және интеграция вице-министрі К. К. Төребаевтың төрағалығымен Мемлекеттік органдардың қатысуымен «Қорғас» ШЫХО аумағында жұмыс сапары өтті.

This post is also available in: RU

2023 жылғы 18 қаңтарда сауда және интеграция вице-министрі К. К. Төребаевтың төрағалығымен Мемлекеттік органдардың қатысуымен «Қорғас» ШЫХО аумағында жұмыс сапары өтті.
Сапар барысында «Қорғас» ШЫХО-ның жедел ашылуына дайындық үдерісімен, атап айтқанда келушілер мен туристерге сапалы қызмет көрсетуді жаңғырту мен автоматтандыруды ескере отырып, билеттеудің, туристер мен багажды тасымалдаудың жаңа шарттарымен танысты.
Өз кезегінде Қайрат Қалмұқаметұлы орталық аумағында туристердің қауіпсіздігі мен жайлы болуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жақсарту, сондай-ақ багажды қабылдау және ауыстыру процесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырмалар мен ұсынымдар берді.
Құрметті келушілер мен оқырмандар, біз Сіздердің «Қорғас» ШЫХО-ның ашылуын асыға күтетіндеріңізді білеміз, біз Басқарушы компания ретінде «Қорғас» ШЫХО-ның тезірек ашылуы үшін қазіргі уақытта «Қорғас» ШЫХО аумағында әрбір туристтің барынша ыңғайлы және қауіпсіз болуы үшін дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Орталық еліміздің цифрлық экономикасына көшуді қамтамасыз ету мақсатында жаңғыртылған бизнес-процестермен және жақсартылған цифрландырумен ашылатын болады.

Меню