«ҚОРҒАС» ШЫХО» АЭА БК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ М.А. ЖЫЛҚАЙДАРОВ БІРЖАН СӘКЕНҰЛЫ БЕЛГІЛІ АРАБ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ.

This post is also available in: RU

2023 жылғы 28 қаңтарда AL BADIE GROUP FOR TRADING & INVESTMENTS компаниясының өкілдері және «KazakhInvest» Ұлттық компания» акционерлік қоғамының өкілі «Қорғас» ШЫХО» АЭА-на жұмыс сапарымен келді.

Al Badie компаниясы өкілдерінің сапарының мақсаты – «Қорғас» ШЫХО» АЭА-на инвестициялау мүмкіндігін қарастыру. Жұмыс кездесуі барысында Аl Badie компаниясының өкілдері «Қорғас» ШЫХО» АЭА-ның қызметімен, жеңілдіктерімен және преференцияларымен, сондай-ақ перспективалық жобаларымен танысты.

AL BADIE GROUP FOR TRADING & INVESTMENTS БАӘ-дегі жетекші қаржы конгломераттарының бірі болып табылады, оның қызметі жобаларға тікелей инвестициялау, сондай-ақ оларды қаржыландыру. Бұл топ жылжымайтын мүлікті дамыту, сумен және электрмен жабдықтау, мұнай және газ, қорғаныс өнеркәсібі, ақпараттық технологиялар, кеме қатынасы, қонақ үй бизнесі, өндіріс және денсаулық сақтау сияқты әртүрлі салаларда табысты жұмыс істейді.

Меню