This post is also available in: EN RU 中文

  1. Басты бет
  2. Сипаттамасы

Сипаттамасы

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы  халықаралық орталығы (бұдан әрі – Орталық) – бұл «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Жібек жолы» экономикалық белдеуі стратегиясы аясындағы әлемде теңдесі жоқ Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен әрі бірегей жобасы.

Жобаның ерекшелігі төмендегіде:

  • Қазақстан және Қытай бөліктерінен тұратын біртұтас аумақтың ішінде Қазақстан мен Қытай, сонымен қоса үшінші елдердің азаматтары визасыз 30 күн жүріп-тұру мүмкіндігі;
  • Орталықтың қытайлық және қазақстандық бөліктері арасында адамдар, тауарлар мен көліктердің емін-еркін жүруі;
  • Аумаққа ҚХР жағынан кірген келушілер күніне құны 8000 юань тұратын тауарларды бажсыз алып-шығу құқығына ие болуы;
  • Қазақстан жағынан келген келушілер айына бір рет салмағы 25 кг болатын немесе құны 500 евро тұратын тауарларды бажсыз алып-шығу құқығына ие болуы;
  • Орталық аумағында дайын инженерлік инфрақұрылымың болуы;
  • Бизнес өкілдерін салық және кедендік баж салығынан босатуы және т.б.

Орталық Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында, Алматы облысының Панфилов ауданындағы Қытай Халық Республикасымен шекаралас жерде орналасқан.
Адамдар, тауарлар мен көліктердің қазақстандық және қытайлық бөліктері арасындағы еркін қозғалысы екі елдің мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін «арнайы өткелмен» қамтамасыз етіледі.

Орталықтың аумағы – 608 га құрайды.

2017 жылы инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 6 қазандағы № 624 қаулысымен Орталыққа арнайы экономикалық аймақ мәртебесі берілді.

Меню