ШЫНДЫҚҚА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІН ЖАРИЯЛАНЫМДАР МЕН МӘЛІМДЕМЕЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ

This post is also available in: RU

Кейбір БАҚ-тағы соңғы жарияланымдарға, сондай-ақ жекелеген жария тұлғалардың (оның ішінде С.Бокаевтың) мәлімдемелеріне байланысты «Қорғас» ШЫХО бірқатар тармақтар бойынша жағдайды нақтылау және жоғарыда аталған жарияланымдардың қасақана жалған ақпараты мен популистік сипаты туралы мәлімдеу маңызды деп санайды.

2024 жылғы 15 Сәуірде әлеуметтік желілерде орналастырылған бейнефайлда «Хоргос-КАТ» ЖШС, «Тюльпан Хоргос» ЖШС, «International Castle» ЖШС, «Резон Проект» ЖШС өкілдері сөз сөйлеп, «Қорғас» ШЫХО шарттарды заңсыз бұзу түрінде олардың құқықтарының бұзылғаны туралы мәлімдеген.

Осыған байланысты төмендегі ақпаратты хабарлаймыз:

«Тюльпан Хоргос» ЖШС қатысты

09.09.2016 жылғы №144/09/16 Шарттың талаптарына сәйкес серіктестік (АЭА қатысушысы болған жоқ) құрылыс шартында көзделген мерзімдерде «Қорғас» ШЫХО аумағында «5-деңгейдегі қонақ үй» объектісін жобалауға және салуға міндеттеме алды. Алайда, міндеттемелер орындалмады, бұл ретте орындау мерзімдерін Серіктестік белгіледі. Осыған байланысты Басқарушы компания серіктестіктің атына тиісті хабарлама жіберді (22.05.2020 жылғы №03-3-11/415) және шарт бұзылды. Бүгінгі таңда жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ.

Шартты бұзғаннан кейін және бүгінгі күнге дейін серіктестік тарапынан шартты жасасу және жобаны одан әрі іске асыру үшін Басқарушы компанияның атына өтініш түскен жоқ.

Сонымен қатар, серіктестік объектісінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі анықталды.

Тиісті өтініш берілген жағдайда Басқарушы компания серіктестік тарапынан салынған инвестицияларды және қолда бар құрылыстарды ескере отырып, АЭА туралы Заңның 18-бабына сәйкес жобаны одан әрі іске асыру үшін шартты қарауға және жасасуға дайын.

(Барлық басқа ЖШС бойынша, сондай-ақ заңсыз қызмет туралы ақпаратты мына сілтеме бойынша көре аласыз-> https://drive.google.com/file/d/10iTUuXyKru20X7UxkjbHdRTYvcKuOABe/view?usp=drivesdk )

Қазіргі уақытта прокуратура органдарын қоса алғанда, уәкілетті мемлекеттік органдардың құрамында ведомствоаралық комиссия тексеру жүргізуде. Тексеру инвесторларға қатысты барлық мәселелерді, АЭА қатысушыларымен шарттарды бұзудың заңдылығын, шарттардың мерзімін ұзарту және шарттар жасасудан бас тарту мәселелерін қамтиды.

Мақсаты – «Қорғас» ШЫХО қызметінде, оның ішінде процестерді цифрландыру және жаңғырту арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың беделін түсіру болып табылатын одан әрі Жарияланымдар жағдайында – «Қорғас» ШЫХО беделін қорғау мақсатында сотқа жүгіну құқығын өзіне қалдырады.

Меню