This post is also available in: EN RU 中文

  1. Басты бет
  2. Орталыққа келу ережелері

Орталыққа келу ережелері

Қазіргі таңда «Қорғас» ШЫХО-ның қазақстандық бөлігінде көрсетілетін қызметтер ауқымының кеңеюіне байланысты, сонымен қатар Орталықта көрсетілетін қызметтер сапасынның артуы, бақылау-өткізу пунктінің көп функционалды ғимаратының жолаушылар терминалың жаңғыртылуы сияқты мәселелерді ескере отырып, Орталыққа кіру билетінің құны белгіленді.  Билетке 25 кг-ға дейінгі жол жүру ақысы мен жүк тасымалдау ақысы да қоса кіретінін баса айтамыз.

Орталыққа келушілердің ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі үшін «Қорғас» ШЫХО-ның  «Туристтік нұсқаулық» деп аталатын ережелер жиынтығы әзірленді. Аталған құжатта Орталыққа келушілердің бағыттары, Орталыққа кіру және кету ережелері, жүкті тексеру және өткізу ережелері көрсетілген. Қосымша ақпарат алу үшін осы жерді басыңыз.

Меню