This post is also available in: EN RU 中文

  1. Басты бет
  2. Компания туралы

Компания туралы

Компанияның тарихы

2005 ж. – «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ құрылуы.

Компания құрылуының мақсаты – халықаралық жобаны жүзеге асыру болды. Осы кезеңде компания инфрақұрылым мен инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын жүргізді, одан кейін «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының басқарушы органы болып бекітілді және Орталықтың қазақстан бөлігінің мүдделерін қорғаумен айналысып келді.

2017 жыл – Орталыққа «арнайы экономикалық аймақ» мәртебесі берілді.

2019 ж. – «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы мәртебесін алды. Бұл өз кезегінде компанияның «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы арнай экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ болып өзгеруіне себеп болды.

2020 жыл – алға қойылған мақсаттарға жету үшін қазіргі заманның талаптарына сәйкес компанияның қайта құрылуы.

Компанияның негізгі мақсаттары:

«Қорғас» ШЫХО» АЭА-ның 2020-2022 жылдарға арналған даму стратегиясының шеңберінде Басқарушы компанияға келесі мақсаттар қойылды:

Туризмді дамыту – арнайы экономикалық аймақтың негізгі даму бағыты болып табылады, өйткені туризм мультипликативті әсерге ие бола отырып келесі мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді:

  • Қызметтер мен тауарлар экспортын дамыту
  • Инвестицияларды тарту
Меню