«Бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығына келушілерді тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі» инвестициялық жобаны іске асыру бойынша
Хабарландыру

«Қорғас-Коммерц» ЖШС, 2023 жылдың 03 қазанында өтетін конкурс өткізу тәсілімен «Бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығына келушілерді тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі» инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар төменде көрсетілген мекенжай бойынша шақырады:
Жетісу облысы, Панфилов ауданы, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының аумағы, көпфункционалды БӨП-1 ғимараты, блок-В, каб. № 5, жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10:00 - 17:00 аралығында.
Инвестициялық жобаға қойылатын талаптар:
- «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығына келушілерді көпфункционалды БӨП-1 ғимаратынан, орталықтың сауда кешендеріне және кері қарай автобустар арқылы жеткізу;
- Тасымалдау түрі-Тұрақты емес, (тасымалдау жиілігі жолаушылар ағыны мен жүк ағынына байланысты);
- Жолаушыларды тасымалдау маршрутының ұзындығы бір бағытта 7,5 км (арақашықтық жаңа объектілердің ашылуына қарай өзгеруі мүмкін);
- 1 (бір) жолаушыны автобуспен (екі жаққа) тасымалдау құны 600 теңге мөлшеріндегі сомадан аспауға тиіс.
Конкурсқа меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленетін, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатысады.
Конкурсқа қатысушылар, конкурстық құжаттар жиынтығымен қоса жазбаша өтінішін «Қорғас – Коммерц» ЖШС-не, Жетісу облысы, Панфилов ауданы, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы мекенжайы бойынша, БӨП–1 көпфункционалды ғимараты, блок-В, №5 кабинетіне ұсынады. Өтініштер жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат10:00 ден 17:00 ге дейін қабылданады.
Конкурсқа қатысуға өтініштер мен конкурстық құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 02 қазан 2023 жыл, сағат 17:30 ға дейін.
Анықтама және қосымша ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 702 629 86 29, e-mail: commerce@khorgos.kz

Ереже

Конкурстық комиссия құрамын бекіту бұйрық

Конкурстық құжаттама бекіту туралы бұйрық

Біліктілік талаптары

техникалық тапсырма

Republic of Kazakhstan, Jetysu Region, Panfilov District, Penzhim rural district, Korgas village, building 14
Барлық құқықтар қорғалған
Made on
Tilda