1) арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
2) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына және қосалқы қызметтi жүзеге асыратын адамдарға жер учаскелерiн екiншi рет пайдалану немесе пайдалану (қосалқы жалдау) және инфрақұрылым объектiлерiн жалға (қосалқы жалдау) беру;
3) қызметті жүзеге асыру бойынша келісімдер жасасу және тоқтату;
4) арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларды тарту;
5) арнайы экономикалық аймаққа инфрақұрылым салу және өзге де қызметтер жасау үшін инвестициялар тарту;
6) қызметті жүзеге асыру туралы келісім-шарттар талаптарының орындалуын бақылау;
7) арнайы экономикалық аймақты дамыту жоспарын әзірлеу;
8) арнайы экономикалық аймақтың маркетинг стратегиясын әзірлеу;
9) арнайы экономикалық аймақта жаңа өндірістер құру жөнінде маркетингтік зерттеулер жүргізу;
10) арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және алға қарай ілгерілеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
11) арнайы экономикалық аймақта индустриялды-инновациялық және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тарту;
12) «бір терезе» қағидаты бойынша арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларымен, өтініш берушілерімен, арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларымен өзара іс-қимыл және жұмыс жасау;
13) коммуналдық, қызметтік және логистикалық қызметтер ұсыну.