2021 жылдың 30 шілдесінде индустрия және инфрақұрылым даму вице-министрі Берік Камалиевтің және Өзбекстан Республикасының Көлік министрі Илхом Махкамовтың басшылық етуімен «Қорғас» ШЫХО-на делегациясының сапары өтті, сонымен қатар делегация құрамына Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикарим Ниязходжаев кірді.
Делегацияның жұмыс сапары барысында басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ерлан Жайлаубай жобаның қызметін ұсынды, атап айтқанда сауда-экономикалық, инвестициялық даму, сондай-ақ Орталықтың өңіраралық және шекаралық өзара іс-қимылы таныстырылды. Қонақтарға «Қорғас» ШЫХО қазақстандық бөлігіне экскурсия жасалды және Арнайы көліктік-жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жүк тасымалдауды жүзеге асыратын аспалы әуе-көпірлі кран көрсетілді.

Меню