«Қорғас» ШЫХО» АЭА БК» АҚ Басқарма төрағасының м. а. Жылқайдаров Біржан Сәкенұлы Сізердің жолдаған сұрақтарыңызды қарастырып, былайша жауап берді.

This post is also available in: RU

Қайырлы күн, қымбатты достар!

«Қорғас» ШЫХО» АЭА БК» АҚ Басқарма төрағасының м. а. Жылқайдаров Біржан Сәкенұлы Сізердің жолдаған сұрақтарыңызды қарастырып, былайша жауап берді. 

  • «Қорғас» ШЫХО қызметін жақсарту үшін қандай жұмыстар атқарылды?

Өздеріңіз білетіндей, «Қорғас» ШЫХО пандемияға байланысты 2020 жылдың қаңтар айынан бастап жабылды. Карантин кезінде біз жөндеу жұмыстарын жүргіздік, атап айтқанда туристерді жайлылықпен қамтамасыз ету үшін жолаушыларға арналған терминал толығымен қайта жабдықталды, еден толығымен қайта жаңартылды, металл қоршаулар шыны бөлімдерге ауыстырылды, әрбір паспорттық бақылау кабинасына тепловизорлар орнатылды, барлық туристер үшін ыңғайлы өтуді қамтамасыз ету үшін «Блок-А» залының кірер алдында турникеттер орнатылды, сан-тораптарға күрделі жөндеу жүргізілді, қосымша ақыға кедергісіз өтуді қалайтын туристер үшін бизнес-терминал (VIP терминал) жасалды, залды кондиционерлеу жүйесі жаңартылды, туристер мен олардың багажының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аумақ жарықтандырумен толық жабдықталды және бейнекамералар орнатылды. 

  • «Қорғас» ШЫХО ашылғаннан кейін қандай өзгерістер болады?

«Қорғас» ШЫХО-на Қазақстанның түкпір-түкпірінен, ТМД елдерінен және басқа елдерден туристер келетін кеңінен танымал халықаралық жоба екенін назарға ала отырып, Орталық барлық бағыттарда жетілдірілініп цифрландырылынып, келушілерді қабылдау сапасының деңгейін арттыратын болады. Қазіргі уақытта біз автокөлік құралдарының жаппай жиналуын болдырмау үшін автоматтандырылған тұрақ жүйесін әзірлеуді, билет пен багаждың автоматтандырылған жүйесін қамтамасыз етуді, жолаушылар залында ана мен бала үшін бөлек бөлмені, банк бөлімшелерін, дәріхананы, пост-терминалдарды, банкоматтарды, дүкендерді, кофеханаларды және намазхананы қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, біз арбат, сауда орталықтары, қонақ үй кешендері, фуд-корттар, түрлі ұлттық тағамдар мейрамханалары сияқты туристердің жайлы және қызықты уақыт өткізуіне оң әсер ететін жобалардың іске асырылу нұсқаларын қарастырамыз, отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қытай тарапымен бірлескен этно-фестиваль, Қазақстан тауар өндірушілерінің жәрмеңкесін және халықаралық қолөнершілер көрмесін өткізуді жоспарлап отырмыз. Қазір біздің халықаралық орталықты дамытуға бағытталған көптеген жоспарлар мен идеяларымыз бар деп айта аламыз. 

  • Ішкі көлікке билет құны бекітілді ме? Күніне қанша адамды қабылдау жоспарлануда?

Адамдар көп жиналмауы және залдарда үлкен кезектердің пайда болуын болдырмау үшін біз келушілерге билеттерді онлайн сатып алудың жеңілдетілген процесін қамтамасыз ететін және билетті сатып алу үшін кезекте тұрып уақыт жоғалтпайтын жаңа билет жүйесін әзірлеп жатырмыз. Билеттің құны бір адамға шамамен 3500 теңгені құрайды. Орталық ашылғаннан кейін біз келушілерге қолайлы жағдайда күніне шамамен 3 мың адам қабылдауды жоспарлап отырмыз.

  • Қазақстан тарапынан дамудың қандай перспективалары бар?

Басқарушы компания 2023-2025 жылдарға арналған даму стратегиясын әзірледі. Осы стратегия шеңберінде Даму тұжырымдамасы сауда-туристік кластерді дамытуға бағытталатын болады. Сондай-ақ, сауда орталықтары, қонақ үй кешендері, ойын-сауық кешендері, көрме орталықтары және т.б. сияқты инвестициялық жобалар көзделген «Қорғас» ШЫХО» АЭА бас жоспары нақтыланады. Инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында біз осы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тарту бойынша іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз. Біз ашықтық қағидатын ұстанамыз және келіп түскен барлық жобаларды барынша объективтілікпен қарастырамыз.

  • ПТР тесті немесе вакцинация паспорты қажет пе?

«Қорғас» ШЫХО-ға бару үшін ПТР-тест және вакцинация паспорты талап етілмейді. 

  • Орталықтың қандай жұмыс режимі жоспарлануда? Тәулік бойы жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырыла ма?

«Қорғас» ШЫХО жұмыс режимі таңғы 07: 00-ден кешкі 19:00-ге дейін.

«Қорғас» ШЫХО тәулік бойы жұмыс істеу мүмкіндігі туралы қытай тарапымен келіссөздер жүргізілетін болады, сондай-ақ осы мәселеге қатысты ҚР мен ҚХР арасындағы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастырамыз.

  • Бажсыз қанша кг шығаруға рұқсат етіледі?

ҚР аумағына 2023 жылғы 1 сәуірге дейін әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларды тасымалдау нормаларын айына бір рет құны 1 000 еуродан аспайтын және (немесе) салмағы 31 кг аспайтын тауарды тасымалдауға болады.

Ал 2023 жылғы 1 сәуірден бастап айына бір рет құны 500 еуродан аспауы тиіс және (немесе) салмағы 25 кг-нан аспауы тиіс.

  • Туристік топтардың кедергісіз өтуін ұйымдастыру жөніндегі қызмет қайта басталады ма? (Жасыл дәліз)

Ия, бұл қызмет қайта басталады.

  • Электрондық құжаттармен шекарадан өту мүмкін бе?

Өкінішке орай, мүмкін емес.

Алайда, электрондық құжаттармен шекарадан өту үшін біз Үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізуге тырысамыз.

  • «Қорғас» ШЫХО қашан ашылады?

Біз бұл мәселенің көпшілікті қызықтыратынын білеміз, «Қорғас» ШЫХО-ның ашылуы халық үшін де, Республика үшін де маңызды. Қазір біз Орталықты ашу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз, осыған дейін айтқанымыздай, бізде көптеген даму жоспарлары бар. Қазір біз ашылуға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, бұл бірқатар техникалық және келісу рәсімдері.

Барлық іс-шаралар өткізілгеннен кейін «Қорғас» ШЫХО жұмысын қайта бастайды.

Меню