Қазақстан мен Қытай «Қорғас» ШЫХО-ын одан әрі дамыту жөнінде келіссөздер жүргізді

This post is also available in: RU

2021 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев ҚХР Коммерция вице-министрі Ван Шоувэнмен (Wang Shouwen) Қазақстан-Қытай “Қорғас” шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін үйлестіру тетігінің 2-ші отырысына дайындық бойынша келіссөздер өткізді.

Қазақстандық тараптан келіссөздерге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің вице-министрі Берік Камалиев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметінің өкілдері, сондай-ақ «Қорғас» ШЫХО» АЭАБК» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Рауан Ақкешин қатысты.

Келіссөздер барысында “Қорғас” ШЫХО қызметін үйлестіру тетігінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі 1-ші отырысының уағдаластықтарын іске асыру барысы туралы мәселелер қаралды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша “Қорғас” ШЫХО қызметін үйлестірудің үш деңгейлік тетігі айқындалды: ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Алматы облысының әкімдігі және “Қорғас” ШЫХО” АҚ деңгейінде.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Сауда және интеграция министрлігіне ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы № 761 қаулысына сәйкес “Қорғас” ШЫХО” АЭА БК” акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы берілді.

Сондай-ақ, Тараптар қысқа мерзімде жергілікті деңгейде (яғни, ШҰАА мен Алматы облысы арасындағы жұмыс тетігі) жұмыс тетігінің жұмыс істеу арналары мен тәсілдерін талқылады.

Өз тарапынан Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Қазақстан мен Қытай Мемлекет басшыларының “Нұрлы жол” және “Бір белдеу – бір жол” бағдарламаларында қойылған міндеттерге сәйкес “Қорғас” шекара маңы ынтымақтастығының Қазақстан-Қытай халықаралық орталығы бүкіл қайта жанданып келе жатқан Ұлы Жібек жолының маңызды нүктесіне айналғанын және бірегей әрі табысты мемлекетаралық жоба болып табылатынын атап өтті.

“Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық қатынастары серпінді және қарқынды сипатқа ие. 2020 жылы Қытаймен тауар айналымы 4% – ға өсіп, 15,4 млрд. АҚШ долларын құрды. Бұл ретте Қытайға экспорт 9 млрд. АҚШ долларын, импорт 6,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Қытай Қазақстанға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 4,7% – ын алып, Қазақстанның ең ірі инвесторларының бестігіне кіреді. 2005 – 2020 жылдар кезеңінде қытай инвестицияларының жалпы көлемі $19,2 млрд асты. Сонымен қатар Қытайға тікелей инвестициялардың жылыстауы $ 667,2 млн құрады. Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында $ 24,5 млрд – қа 56 заманауи кәсіпорын салу жоспарлануда, бұл нысандардың басым бөлігі 2023 жылға қарай аяқталады деп күтілуде”, – деді Қайрат Төребаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта “Қорғас” ШЫХО Қазақстан аумағында жалпы сомасы 110,37 млрд.теңгеге 29 инвестициялық жобаны іске асыру бойынша 24 инвестициялық компания өз қызметін жүзеге асыруда. Шамамен 30 000 ш.м. пайдалануға берілді, 1 жоба 100% – ға іске асырылды, 12 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, қалған жобалар жобалау сатысында.

Одан басқа, өңірлік байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды. Қазақстанның Сауда министрлігі “Қорғас” ШЫХО аумағында өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында “Қорғас” ШЫХО аумағында өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін бірлескен форум өткізуді ұсынды.

Қайрат Төребаев қазіргі уақытта ақпараттық деректерді бірлесіп пайдалану мәселесі пысықталып жатқанын және осыған байланысты Тараптар “Қорғас” ШЫХО бірыңғай деректер банкінің тұжырымдамасын әзірлеудің ұсынылғанын хабарлады.

Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі тауарлардың Қытай Халық Республикасына және “Қорғас” ШЫХО-ның Қытай бөлігіне кіру мәселесі талқыланды. Қазақстандық тарап Орталықтың қазақстандық бөлігін ЕАЭО тауарларымен толтыру бойынша барлық қажетті шараларды белсенді түрде қабылдауда. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өндірілген, қытайлық келушілердің сұранысына ие тауарлар мен тамақ өнімдерінің көтерме-бөлшек сауда қызметі ұйымдастырылды.

Алайда, бүгінде қазақстандық бөліктің кәсіпкерлерінде, қытайлық сатып алушылардағыдай, көбінесе жеке пайдалану үшін сатып алынатын азық-түлік өнімдерінің бөлшек және шағын көтерме партияларын “Қорғас” ШЫХО қытайлық бөлігінің кеден бекеті арқылы әкету мүмкін еместігі үлкен алаңдаушылық туғызады.

Қалыптасқан жағдай өзара сауданы қолайлы жүргізуге және Орталықтың қазақстандық бөлігіне инвесторлар тартуға кедергі келтіретінін, сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлер үшін сауда алаңы ретінде жобаның тартымдылығын арттыруға мүмкіндік бермейтінін атап өткен жөн.

Аталған мәселенің шешімдерінің бірі “Қорғас” ШЫХО қазақстандық бөлігінде ҚР мен ҚХР аккредиттелген тауарларды сертификаттау жөніндегі зертхананы ашу болып табылады, бұл шекара маңы саудасын дамыту үшін шешімдердің бірі болып табылады.

Сонымен қатар, келіссөздер барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы “Қорғас” ШЫХО қызметін реттеу туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қаралды.

“Қорғас” ШЫХО-ны, оның қызмет бағыттарын дамыту, сондай-ақ оның жұмыс істеу тәжірибесі ҚР Үкіметі мен ҚХР арасындағы келісімге ШЫХО-ның уәкілетті және басқарушы органдарын өзектендіру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.

Тараптар, сондай-ақ, “Қорғас” ШЫХО-ны тәулік бойы режимге көшіру мәселесін талқылады және осы мәселені шешу бойынша консультациялар Қытай тарапымен жалғастырылатын болады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қайрат Төребаев Қазақстан-Қытай “Қорғас” ШЫХО-ның табысты қызметіне Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық әріптестігіне белгілі бір үлес қосатынына сенім білдірді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/168050?lang=kk

Меню